1976-1981 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) филология факультетінде білім алды (Алматы қ.); 1982-1989 – ғылыми стажер, В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімінде (қазіргі Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті) (Мәскеу) білім алған; 1989 ж. – «Орыс жазуының ескерткіштеріндегі глостика тарихи лексикология мен тарихи лексикографияның материалы ретінде» кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми жетекшісі – профессор Капралова С.Г., ғылыми кеңесші профессор И.Г. Добродомов (Мәскеу); 1989-2002 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңбек қызметін бастады (Алматы қ.); 1998 ж. – Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы) екі мамандық бойынша «Тілдік бірліктердің семантикасын және лексикографиялық анықтамаларды түсіндіру» докторлық диссертациясын қорғады: 02.10.01 – орыс тілі: 02.10.20 – салыстырмалы-тарихи типологиялық және салыстырмалы тіл білімі. Ғылыми кеңесшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д. Сүлейменова; 2010-2012 – ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік ғылыми стипендиясы (Қазақстан Республикасы БҒМ, Астана қаласы) иегері; 2007, 2011 – « ЖОО- ның үздік оқытушысы» (ҚР БҒМ, Астана); 2012 ж. – Көкшетау мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (Көкшетау қ.); 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры. ИРН AP23486380 «Қоғамның рухани жаңғыруы жағдайындағы Қазақстанның түркі тілдері: графикадан эпикалық мәтінге» ғылыми жобасының жетекшісі (2024–2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бағдарламасы аясында).
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
С.М.Киров атынд.ҚазМУ |
Жоғары |
1981 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
11.06.1999 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
профессор |
27.09.2001 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
"Құрмет" ордені |
0
құжаттар
0